• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

08.10.2019 г.

Автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарықтарындағы проблемалық мәселелер

Монополияға қарсы орган алаңында өткізілген жұмыс тобының отырысында автомобиль жолдарын салу және құрылыс материалдары (битум, цемент және қиыршық тас) нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері қаралды.

Қаралып отырған тауар нарықтарында сарапшылар мынадай мәселелерді анықтады: әлеуетті қатысушылар үшін қосымша талаптар, бұл конкурсты ашық өткізбеу үшін қауіп туғызады, биржада бағаның ашық қалыптаспауы, ресурстарға қол жеткізудің шектеулілігі, босату бағасына делдалдар әсерінің жоғары деңгейі.

Операторды сатып алу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан бойынша жыл сайын бас мердігерлердің тар шеңбері жеңімпаз деп танылады. Бұл ретте, іс жүзінде жұмыс көлемінің 70%-ына дейін мердігерлік ұйымдар, оның ішінде төмен құнмен орындайды.

Мәселелерді шешу үшін жұмыс тобының сарапшылары бәсекелестікті дамыту жөнінде ұсыныстар берді: сатып алуды ұйымдастыру кезінде лицензиялауда көзделген талаптардың қайталануын жою, әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлікке беретін жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) көлемін 30%-ға дейін төмендету, бір көзден сатып алуды өткізу үшін негіздерді қысқарту, бағаны қалыптастырудың ашықтығын қамтамасыз ететін биржалық сауда-саттық тетігін жетілдіру, кең таралған пайдалы қазбалардың жер қойнауы учаскелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесін пысықтау, битумды биржалық тауарлардың тізбесіне енгізу.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?