• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

09.07.2019 г.

Айгүл Шайымова ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Айгүл Амантайқызы Шайымова Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

Бұрын ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Шайымова Айгүл Амантайқызы 1979 жылғы 12 қаңтарда Целиноград облысында туған. 1999 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетін үздік, 2004 жылы Қаржы полициясы академиясын бітірген. 

Түрлі жылдары ҚР Қаржы полициясы агенттігінде, Экономикалық және сыйбайлас жемқорлық қылмыстары агенттігінде, ҚР Бас прокуратурасында жұмыс істеді. 

2013-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің аппарат жетекшісі болды. 

2016 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі қызметін атқарды.

2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді. 

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», мерейтойлық және ведомстволық медальдармен марапатталған.

 

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?