• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

12.12.2019 г.
Азиатский банк одобрил финансирование строительства крупнейшей в Центральной Азии ветровой электростанции в Жамбылской области

Азиялық банк Жамбыл облысындағы Орталық Азиядағы аса ірі жел электр стансасының құрылысын қаржыландыруды мақұлдады

2019 жылғы 12 желтоқсанда Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің директорлар Кеңесінде бірінші қазақстандық жобасы «Жамбыл облысында 100 МВт Жаңатас ЖЭС салу жобасы», сондай-ақ жел энергетикасы саласындағы бірінші жоба өз тәжірибесінде қаржыландыруға мақұлданды.

ЖЭС Орталық Азия аумағындағы ең ірі болып табылады. Жоба жылына 319 ГВт-с көлемінде электр энергиясының экологиялық таза өндірісін қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға ықпал ететін болады. Қуаты 100 МВт Станция 4-5 ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ете алады. Аталған инвестициялық жоба ауданның әлеуетін арттыру үшін жағдай жасайды және өңір экономикасының дамуына серпін береді.

Банк 2015 жылғы 25 желтоқсанда АИИБ келісімінің баптарының күшіне енуі арқылы құрылды және 2016 жылы 16 қаңтардан өз қызметін ресми бастады.

Қаржыландырудың басым бағыттары-энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және басқалар.

2016 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы АИИБ келісімінің баптары ратификацияланды. АИИБ мүшесі 75 ел, оның ішінде Қазақстанда болып табылады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?