• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.10.2019 г.
Миннацэкономики проводит планомерную работу по бескомпромиссной борьбе с бичом современной реальности — коррупцией

Баспасөз релизі

Елбасы мен Мемлекет басшысын азаматтық қоғам институттарының, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын, айқындықты қамтамасыз етуін, мемлекеттік басқарудағы ашықтығын жандандыру бойынша жан-жақты қолдай отырып,

сыбайлас жемқорлық біздің мемлекетіміздің дамуындағы басты қауіптің бірі екенін ескере отырып,

Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күресте қабылдаған шараларын оң бағалай келіп,

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түп-тамырымен құрту – тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әрбір азаматының, барлық азаматтық қоғам институттарының міндеті екенін түсіне отырып,

мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғам институтының арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әріптестігін одан арғы нығайтудың қажеттігін мойындай келе,

бүкіл қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға белсене қатысуы мемлекеттің қызметінің тиімділігін едәуір арттыруға ықпал ететінін пайымдай отырып,

бұдан да гөрі сыбайлас жемқорлықтың тиімді алдын алу, анықтау мен болдырмауда мемлекетке белсенді түрде жәрдемдесуде батылдық таныта отырып,   

бүгін біз Түркітілдес мемлекеттер кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабы және Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталықпен келісімге қол жеткізіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық.

Іс-шара кезіндегі кулуарда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тізе қоса іске кірісуі тиістігі туралы идеяны іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті.

Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық пен Түркітілдес мемлекеттер кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабының бірлескен өзара іс-қимылы сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтары мен қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді. 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?