• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

09.12.2019 г.
Мы выбираем шахматы: Команда Миннацэкономики заняло 2 место в соревнованиях по шахматам

Біз шахматты таңдаймыз: Ұлттық экономика министрлігінің командасы жарыста 2 орынды иеленді

А.ж. 7-8 желтоқсанда, екі күн бойы мемлекеттік қызметшілер арасында «Зияткер ұлт — Интеллектуальная нация» атты шахмат турнирі өткізілді.

Шахмат – спорт, ғылым, өнер. Ол ең әуелі, өз-өзіңді жеңу, дене мен ойдың үйлесімді дамуы, өзіңді игеру, көңіл-күйдің тұрақтылығы. Осы қасиеттердің барлығын біздің әріптестеріміз Нұр-Сұлтанда өткізілген шахмат турнирінде паш етті. 

Турнирдің ұйымдастырушылары – Қазақстан шахмат федерациясының қолдауымен Динара Сәдуақасованың Шахмат академиясы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Nur Otan» партиясы.

Ұлттық экономика министрлігінің намысын екі қатысушымыз қорғады. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде ҚР ҰЭМ өкілдері 2-орынға ие болды.

Міне, біздің қаһармандарымыз: Лесбекұлы Нушаруан және Айнагүл Давид. 

«Мен секілді шахматқа аса құмар адамға турнирге қатысу бір мәртебе! Әдете, шахматшылардың арасында шеберлер көптеп кездеседі. Алайда біздің еңбегіміз ақталды!», - дейді Нушаруан.  


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?