• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.10.2017 г.
Цель законопроекта по дерегулированию бизнеса заключается в изменении подходов к проверкам  – Жумангарин

Бизнесті қайта реттеу жөніндегі заң жобасының мақсаты тексерулердің тәсілін өзгерту болып табылады – Жұманғарин

Астана, 27 қазан – ҚР ҰЭМ. Бизнесті қайта реттеу бойынша үкімет әзірлеген заң жобасының мақсаты тексерулердің тәсілін өзгерту болып табылатынын Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіруге арналған конференция барысында хабарлады.  

«Жаңа заң жобасында біз ішінара тексеру ұғымын алып тастаймыз, оны алдын ала бақылауға ауыстырамыз. Бизнесмен бақылаудың тек алдын алумен ғана байланысты екенін түсінетін болады, оның қорытындысы бойынша ешқандай жаза қолданылмайды. Егер сенде қандай да бір заңбұзушылық табыла қалса, бұл, әрине, адамдарың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызбайтын болса, түсіндіреді және түзету үшін нақты уақыт беріледі, - деді Жұманғарин, конференцияны аша келіп.   

Ол әңгіме тексерулер санын қысқарту туралы емес екендігін атап өтті, керісінше, бұл саладағы көзқарасты және тұтас алғанда тәсілдерді өзгерту қажет. «Тексеру реттеуші органдардың негізгі құралы болудан қалады», - деді Жұманғарин.

Кәсіпкерлік қызметті реттеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жанындағы сарапшылық топтың басшысы Асланбек Жақыповтың айтуынша, іс-шараның негізі мақсаты – үкіметтің кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру бойынша қабылдап жатқан шараларын түсіндіру.

«Бүгінде үкімет кәсіпкерлік ахуалды түбегейлі жақсартуға бағытталған заң жобасын әзірледі. Оған мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру, бизнестің есептілігін қысқарту, монополист кәсіпорындардың және квазимемлекеттік сала беретін рұқсаттарды реттеу шаралары жатады. Заң жобасы тұтас алғанда, бизнеске ақылы қызметтер көрсетуге байланысты түрлі міндеттемелер артып отырған шығындарды қысқартады», - деді Жақыпов.

Ол заң жобасын әзірлеуге бизнестің тікелей тартылғандығын атап өтті. «Бұл жұмысты бастамас бұрын, бизнес бетпе-бет келіп отырған проблемаларды теңестіру қажет болды. Бірінші кезекте, бизнес-қоғамдастықпен, қауымдастықтармен байланыс жолға қойылды, дегенмен бәрінен бұрын біз жергілікті жерлерде, жергілікті деңгейде жұмыс істейтін бизнеспен байланыс орнатуға мүдделі болдық. Қазақстанның барлық өңіріндегі 10 мыңға жуық респондентке сауал жүргізілді», - деді Жақыпов.

Ол сондай-ақ заң жобасының айға жуық мерзімде парламентке енгізілуі мүмкін екендігін хабарлады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?