• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

25.12.2019 г.

БЖК-2020-ны іске асыру қорытындыланды: Мемлекеттік бағдарлама өзінің тиімділігін дәлелдеді

Бүгінде кәсіпкерлікті қолдаудағы маңызды бағдарламалардың бірі – «Бизнестің жол картасы – 2020». Бағдарлама тоғыз жылдан бері жұмыс істеп келеді. Таяуда оны 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл оның қорытындысын жасап, қол жеткізілген табыстарды талдауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі. 

Бағдарламаның мақсаты – өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.

Ведомствоның баспасөз қызметінде Жол картасының екінші бесжылдығын іске асыру жылдары прогреске қол жеткізілді. Биыл қабылданған шаралардың арқасында, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 25-орын алды. Бұл 2015 жылға қарағанда, 16 орынға жоғары.

Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 28,4%-ке артқан. 2015 жылмен салыстырғанда, жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 400 мыңға өсіп, 1,3 млн. болды. ШОБ-та жұмыс істейтін адамдар 300 мыңға артып, 3,3 млн.-ды құрады.

Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлер мынадай қолдау шараларына ие болады:

- проценттік мөлшерлемені субсидиялау;

- кредиттерді кепілдендіру;

- мемлекеттік гранттар беру;

- кәсіпкерлерді оқыту;

- инфрақұрылым жүргізу.

Бағдарлама бизнесті дамыту мүмкіндігін береді.

Бағдарламаға қатысушылар 7,1%-пен кредит алады. Ең көп кредит мөлшері - 2,5 млрд. теңге. Айналым қаражатын толтырған және кепіл жетпеген жағдайда, 360 млн.теңге кепілдеме алуға мүмкіндік туғызылып, сондай-ақ 5 млн.теңгеге дейін қайтарылмайтын гранттар беріледі.

Азаматтарды бизнес негіздеріне оқыту шаралары көзделген. Бағдарлама бойынша консультациялар алуға болады. Оқу курстары мен тағылымдамадан өту де қарастырылған.

Ұлттық экономика министрлігі хабарлағандай, келесі жылы бизнесті қолдау шараларын іске асыру бойынша үшінші бесжылдық басталады. Жаңа бағдарлама жобасы 2025 жылға есептелген.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері сақталады. Сонымен бірге, қолдау құралдары жетілдірілген. Олардың тиімділігі арттырылып, қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Бірінші, айналым қаражатын кредиттеу мөлшері 60-тан 360 млн. теңгеге арттырылады.

Екінші, қаржыландыруға қолжетімділік артады. Бұл үшін шағын қаржылық ұйымдар беретін кредиттерді субсидиялау мен кепілдендіру енгізіледі.  

Үшінші, Бағдарлама қатысушыларына талаптар жетілдіріледі – жұмыспен қамту мен салық түсімдерін өсіруі шарт.

Төртінші, кәсіпкерлерді барлық кезеңдер бойынша сүйемелдеу артады. Бұл дегеніміз оқыту, кредиттер мен қолдау алуға құжаттар дайындауға жәрдемдесу, сату тізбегін жолға қою.

Экономикалық ведомство деректері бойынша, бизнес жүргізу шарты түбегейлі жақсартылады. Кедергілер азайтылып, рұқсаттама құжаттарының тізбесі қысқартылады. ШОБ-ты дамытудың ынталандыру шаралары қабылданады. Біздің міндетіміз – экономикалық өсуге ықпал ететін іскерлік климатты жетілдіру.

«Экономиканың үштен бірі 2025 жылы ШОБ-қа тиесілі болады. Ал 2050 жылға қарай ШОБ ЖІӨ-нің жартысын құрайды», - Ұлттық экономика министрлігінде осындай болжам жасалды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?