• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

14.11.2019 г.
Дәленов: 74 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз кіруге құқылы

Дәленов: 74 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз кіруге құқылы

14 қарашада Ташкентте Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастығы (ОААЭЫ) министрлерінің 18-ші конференциясы өтті, оның барысында ҚР экономикалық ведомства басшысы Руслан Дәленов ОААЭЫ-2030 стратегиясының сәтті жүзеге асырылуы туралы айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Р.Дәленовтың айтуынша, Қазақстан визалық-көші-қон режимін либерализациялау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 74 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз кіруге құқылы.

«117 елдің азаматтары Қазақстанға е-виза арқылы келу мүмкіндігіне ие», - деді министр.

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан арасындағы экономикалық дәліз аясында аймақтық ынтымақтастық пен ықпалдастықтың әлеуетін айқындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Алматы-Бішкек экономикалық дәлізі туралы айтатын болсақ, Дәленовтің айтуынша, осы уақытқа дейін кіші комитеттің 3 отырысы өткізілді, ал 4-еуі осы айда жоспарланған. Олар қатысушы елдер мен аймақтардың экономикалық өсуін ынталандыру, өзара сауданы, көлік әлеуетін, ілеспе инфрақұрылымды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өткізіледі. Белгілі бір басым секторлар бойынша Азия Даму Банкінің техникалық көмегі аясында бірқатар инвестициялық жобаларды дайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз өтеді, оның ішінде 5 теміржол және 6 автомобиль», - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?