• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.06.2019 г.
Даленов: Региональная политика страны направлена на наращивание конкурентоспособности регионов и повышение качества жизни населения

Дәленов: Еліміздегі өңірлік саясат өңірлердің бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған

Еліміздегі өңірлік саясат халықтың тұрып жатқан жеріне қарамастан бәсекеге қабілеттілігі мен тұрмыс сапасын артыруға бағытталған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуінде хабарлады.  

Ұлттық экономика басшысы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 4 мыңнан астам маманға тұрғын үй алу үшін 13,7 млрд.теңгеге бюджеттік кредит берілгенін атап көрсетті.

2018 жылдан бастап 1062 аудандық маңызы бар қала мен халық саны 2 мыңнан асатын ауылдық округте жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджеті енгізілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қалған  1 334 ауылда бюджеттің 4 деңгейін енгізу жоспарлануда.  

Ағымдағы жылы Министрлік елімізді аумақтық-кеңістіктік дамытудың 2030 жылға дейінгі жаңа болжамдық схемасын әзірлейді.

Р.Дәленовтің айтуынша, болжамдық схема өңірлерді дамыту стратегиясын айқындайды. Оның шеңберінде өңірлерді дамытудың 2030 жылға дейінгі демографиялық болжамы әзірленеді. Болжамдық схемада назар басқарылмалы урбандалу негізіндегі өсу нүктелерін дамытуға аударылады. Өңірлердегі өмір сүру сапасын қамтамасыз етудің өңірлік стандарттары белгіленеді.

Р.Дәленовтің айтуынша, болжамдық схема ауылдық аумақтарды дамыту стратегиясын айқындайды. Ол өңірлер үшін аса маңызды. Осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жүзеге асырылады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша келешегі зор ауылдарда әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым нысандарын жөндеу, салу және қайта құру мақсатты түрде орындалады. Жоба кластерлік тәсіл арқылы іске асырылады», - деді Министр.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?