• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.06.2019 г.
Даленов провел брифинг по итогам отчетной встречи с населением

Дәленов халыққа есеп беру кездесуінің қортындысы бойынша брифинг өткізді

19 маусымда Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халыққа есеп беру кездесуін қортындылап, мемлекеттік органның қызметі бойынша БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.

Министр өткізілген есеп беру кездесуі және оны өткізу барысында қойылған сұрақтар туралы қысқаша ақпарат берді.

«Кездесу барысында азаматтардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға қатысуы, бизнес ашу, электрондық сауданы дамыту, статистикалық ақпарат құру туралы сауалдар қойылды» - деді министр.

Ведомство басшысы журналистерге министрліктің қазіргі кезеңдегі негізгі бағыты еліміздегі кәсіпкерлікті дамыту, баға мен тарифті реттеу, өңірлерді дамыту екенін жеткізді.

Баспасөз конференциясы барысында журналистер тарапынан ел Президенті Қ. Тоқаев айтқан елімізді дамытудың 10 негізгі бағытын іске асыруға, әлеуметтік маңызды тауар бағасын тежеу шараларына, 2020 жылы халық санағын өткізу мен оған жұмсалатын қаржыға қатысты сауалдар қойылды.

Министр сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті, электрондық сауданы, өңірлерді дамыту, «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуы, елдегі банктердің кредиттік каникул енгізу мүмкіндігі, ведомствоның кейбір функцияларының жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне берілуі туралы сауалдарға жауап берді.

Баспасөз конференциясы «Хабар 24» арнасында және Орталық коммуникациялар қызметінің «facebook» парақшасында  тікелей көрсетілді.  

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?