• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.06.2019 г.
Даленов: Министерством в прошлом году был замедлен среднегодовой рост тарифов на коммунальные услуги

Дәленов: Министрлік өткен жылы коммуналдық қызметтер тарифінің орташа жылдық өсуін бәсеңдетуге қол жеткізді

Руслан Дәленов 2018 жылы баға индексі тұтастай 5,3% деңгейінде сақталып, азық-түлік тауары 5,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6,4%-ке қымбаттағанын атап өтті.

«Бұл ретте жалпы инфляция дегеніміз еліміздегі 510 тауар мен көрсетілетін қызмет бағасының орташа өсу көрсеткіші екенін ескеру қажет. Кейбір тауар бағасының өзгеруі оның тұтыну себетіндегі үлесіне байланысты және ол үнемі инфляция көрсеткішімен дәл келе бермейді. Сондай-ақ әр өңірдегі бағаның өсуі де әртүрлі. Дербес себет, әсіресе, өңірлік аспектілердің есебінен барлық 510 тауар түрін қамти алмайды», - деді министр есптік кездесу кезінде.

 Табиғи монополия субъектілерінің қызмет тарифіне қатысты Министрлік өткен жылы коммуналдық қызмет тарифінің орташа жылдық өсуін 2017 жылғы 8,6%-тен 2,45%-ке дейін төмендетуге қол жеткізді. Мәселен, ыстық судың 2017 жылы  10,9%-тен 2018 жылы 2,2%-ке, электр энергиясы 5,0%-тен 1,1%-ке, газ – 11,4%-тен 2,7%-ке, жылу 9,9%-тен 2,6%-ке азайды.

 Ағымдағы жылы тариф өсуі орта есеппен мүлде 2,4%-ке азайды. Мәселен, сумен жабдықтау саласында 8%, су тарту 6,6%, жылу 12,1%, газбен жабдықтау 8,8%, электрмен жабдықтау 7,7%.

«А.ж. 5 айда табиғи монополия және жер ресурстарын қорғау субъектілеріне 87 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Бүгінде 32 субъект 71,4 млн. теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын тоқтату туралы 39 ұйғарым енгізілді», - деп атап көрсетті Ұлтық экономика басшысы.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?