• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

18.11.2019 г.
Даленов: Более тысячи сельских округов перешли на самостоятельный бюджет

Дәленов: Мыңнан аса ауылдық округ дербес бюджетке көшті

Депутаттар «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның 98 қадамы шеңберінде бюджеттің IV деңгейін енгізуді» талқылады. 18 қарашада Мәжілістегі үкіметтік сағат барысында бұл тақырыпта ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сөз сөйледі.

«Бүгін маңызды мәселе – Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі қаралуда. Өзін-өзі басқарудың негізгі элементі ЖӨБ бюджеті», - деді Руслан Дәленов.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұрын бюджеттік жүйе үш деңгейден тұратын: республикалық бюджет, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеті және аудандық бюджет (облыстық маңызды қаланың бюджеті). Тиісінше, ауылдық округтер аудандық бюджеттен қаржыландырылды.

Енді, 2018 жылдан бастап, жаңа деңгей – бюджеттің IV деңгейі енгізілді. Бұл аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеті. Яғни, бюджеттік жүйе 4 деңгейден тұрады.

Р.Дәленовтің айтуынша, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, бюджеттің IV деңгейі халық саны 2 мыңнан асатын 1055 ауылдық округте енгізілді. Бұл барлық жұмыс істейтін ауылдық округтердің 44%-і. 2020 жылдан бастап, қалған 1338 ауылдық округте дербес бюджет енгізіледі.

«Бұл реформаның басты ерекшелігі – жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге тұрғындардың қатысуының артуы. ЖӨБ бюджеті енгізілгенге дейін шығындардың негізгі бөлігін аудандық бюджет белгілейтін. Дербестік туралы сөз болмайтын. Бюджетті енгізген соң, қазынашылық шот пайда болды», - деді Ұлттық экономика министрлігі басшысы.

«Жергілікті салық пен ауданнан келген трансферттер тікелей ЖӨБ бюджетіне түседі. Олар негізгі шығындарды құрайды. Салықтың бірден дербес бюджетке енгізілуі табыс бөліктің артуына әкелді. Шығыстар мен басымдықтар енді міндетті түрде тұрғындармен бірге талқыланады. Бұл тұрғындар жины арқылы сайланатын жергілікті қоғамдастық жиналыстары арқылы жүзеге асырылады», - деді министр.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, ауылдық округтердің жалпы табысы 130 млрд. тг. Бұл ретте төрттен бір бөлігі немесе 32 млрд. тг. – жеке кірістер. Бір ауылдық округтің орташа бюджеті – 122 млн. тг. Бюджеті 1 млрд.тг.-ден асатын округтер бар. Бұл туралы  Руслан Дәленов дүйсенбідегі үкіметтік сағат барысында хабарлады.

Бұл ретте, ол 2019 жылы дербес кірістің өсуі жалғастырылуда екенін атап өтті. Мәселен, а.ж. 9 айдың қорытындысы бойынша, ЖӨБ дербес кірістері 23,5 млрд. тг. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 15%-ке артық.

Министр бір елді мекенді мысалға ала отырып, жергілікті қоғамдастықпен бірге талқыланатын шығыстардың динамикасын көрсетті. Егер бюджет енгізілгенге дейін тұрғындар 84 млн. тг.-ні бөлуге қатыстырылған болса, бюджет енгізілгеннен кейін, бұл сома 1,1 млрд. тг.-ге дейін, 13 есе өсті. Яғни, 100% барлық шығыс жоғарыда тұрған бюджетпен емес, жергілікті тұрғындар арқылы анықталады.

ҚР ҰЭМ басшысының айтуынша, ЖӨБ бюджетін енгізу:

1. Ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндігін кеңейтуге;

2. Тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға;

3. Ауылдық округ әкімдері аппаратының жауаптылығы мен құзыреттілігі деңгейін күшейтуге мүмкіндік берді.

ЖӨБ-ті одан әрі дамыту үшін:

1. ЖӨБ органдарының өкілеттігі мен функцияларын кеңейту;

2. Салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін табыстау ұсынылуда.

Қазіргі уақытта салықтар мен төлемдердің қосымша түрлерін табыстау мүмкіндігі қарастырылуда.

3. Ауылдық округтер үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдету;

Ауылдық округтер бюджетінің мөлшерін ескере отырып, бюджеттік процестердің еңбек сыйымдылығын азайту талап етіледі.

4. Ауылдағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін «Дипломмен ауылға» жобасына мемлекеттік қызметшілерді қосу ұсынылып отыр.

Осы жаңалықтардың барлығы, Р.Дәленовтің деректеріне қарағанда, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп жатқан аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейінің дербестігі мен жауаптылығын ұлғайту жөніндегі заң жобасы шеңберінде қарастырылады.

«ЖӨБ бюджетін енгізу ауылдық округтердің қаржылық негізін нығайтуға, бюджет қаражатын тұрғындардың мүддесіне орай тиімді бөлуге және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді», -деді спикер.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?