• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.06.2019 г.
Битва за место в Doing Business

Doing Business-тегі орын үшін күрес

2019 жылғы 3-5 маусымда қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі А.Д. Жұмабековтің басқаруымен Вашингтонда орналасқан Дүниежүзілік банктің бас офисінде елімізде жүргізілген кәсіпкерлікті дамытудың шарттарын жақсарту реформаларын таныстырды.  

Жұмыс тобының құрамында Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, Ұлттық банктің, Жоғары соттың, «Атамекен» ҰКП-ның және квазимемлекеттік саланың өкілдері бар.

Министрлік кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру мен халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бойынша ауқымды жұмыс жүргізеді.

Бұл жұмыстың шынайы сыртқы бағасы – еліміздегі бизнесті жүргізудің жеңілдігін анықтайтын Дүниежүзілік банк құратын «Doing Business» рейтингі.

Қазақстанның соңғы жылдары айтарлықтай прогреске қол жеткізуіне Дүниежүзілік Банктің «Doing Business - 2019» есебі дәлел болатынын атап өткен жөн. Қазақстан 190 елдің ішінен 28 орын алып, бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша әлемдегі үздік 30-дыққа енді. Соңғы төрт жылдан бері «DB» үздік реформаторларының 10-дығының қатарында.   

Іс-шара аяқталған соң, Арман Жұмабеков «Үкімет бизнес жүргізуді жақсарту мәселесін жіті қадағалап, бизнесті ашу мен жүргізу мүмкіндігін арттыруды әрдайым назарда ұстайтынын» атап көрсетті.

Шараға қатысушылар атап өткендей, халықаралық жетекші ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының еліміздегі бизнес-климатты жақсартатын, ішкі де, сыртқы да инвестиция тартуға ықпал ететін реформалар жолымен ілгері басуы айқын әрі тұрақты.

Қазіргі кезеңде Doing Business рейтингінің маңызды индикаторлары бойынша жаңа шаралар қабылдануда және ол алдағы уақытта жүйелі жалғасын табады.

Анықтама: Doing Business (DB) рейтингі – 2005 жылдан бері Дүниежүзілік банктің жылсайынғы баяндамасында жарияланатын, бизнесті жүргізудің жеңілдігі индексі. Бизнес жүргізудің ахуалын жалпы бағалау әдетте келесі жылға беріледі. Рейтинг әлемнің 190 елін шағын және орта бизнестің қызметін реттейтін нормативтік актілері бойынша бағалайды.

 

 

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?