
«Эйр Астана» АҚ және «Scat» авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманы сақтау туралы тергеп-тексеру басталды
Азаматтық авиация қызметтерін арығында баға белгілеу практикасын зерделеу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «Эйр Астана» АҚ және «SCAT авиакомпаниясы» АҚ-ға қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының1) тармақшасында көзделген бұзушылық белгілері, авиабилеттерге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану бойынша тергептексеру жүргізуге бастамашылық етті.
Тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің шағымы негіз болды.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша авиабилеттерге қолданылатын бағалардың негізділігі бағаланады.