• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.03.2019 г.
Халықаралық S&P рейтинг агенттігі Қазақстанның кредит рейтингін растады

Халықаралық S&P рейтинг агенттігі Қазақстанның кредит рейтингін растады

2019 жылғы 8 наурызда S&P халықаралық рейтинг агенттігі тәуелсіз кредит рейтингін «-BBB»/А-3, деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі фактор - мемлекеттің мықты балансы, сондай-ақ 2022 жылға дейінгі сарапшылардың болжамындағы сыртқы қарыздан асатын өтімді активтер.

Сарапшылар 2019-2022 жылдары экономикалық белсенділіктің орташа есеппен 3% деңгейінде өсуін болжап отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламаларға және өндіруші саланың өсуіне байланысты.

Сондай-ақ, S&P сарапшыларының болжамы бойынша, жаңа салық кодексінің арқасында мемлекеттік кіріс біртіндеп артады. Салық кодексі теңгерімсіздікті азайтып, салық базасын ұлғайта және қазынаның шоғырлануына ықпал ете отырып, ерекше жағдайлар мен артықшылықтарды оңңтайландыру арқылы кірістерді молайтады.

Бұдан басқа, теңгенің тұрақтандырылуы, сондай-ақ ҚРҰБ өткізген түрлі шараның нәтижесінде экономиканы долларсыздандыру жалғастырылады.

«Тұрақты» болжамы S&P болжамын айқындайды: алдағы екі жылда мемлекеттік және сыртқы баланстар тұрақты болады.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?