• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

22.07.2019 г.
Инвесторы в поисках новых проектов ГЧП

Инвесторлар жаңа МЖӘ жобаларын іздестіруде

Бүгін Үкімет үйінде ҚР баспасөз конференциясы өткізіліп, Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселесі туралы баяндады.

М.Такиев айтқандай, мемлекеттік-жекешелік әріптестік – халыққа көрсетілетін қызметтерді жақсартуға, бюджет жүктемесін азайтуға, инвестиция тартуға, бәсекелестікті дамытуға арналған мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығы. МЖӘ механизмі Ұлыбритания, Канада, Францияда, Оңтүстік Корея мен Түркияда бұрыннан қолданылады. Қазақстандағы МЖӘ-нің дамуы 2006 жылы «Концессиялар туралы» заң қабылданғаннан кейін басталып, 2015 жылы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңы қабылданғаннан кейін, күш алды.

Салаға шаққанда білім беру саласында, әсіресе, балабақша көптеп салынуда. Егер нақты айтсақ, МЖӘ арқылы 4 жыл ішінде бүкіл республика бойынша мектепке дейінгі мекемеге деген аса тапшылық жойылған.

Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігімен бірге, бағдарламалық МЖӘ шеңберінде онкологиялық сырқаттарды емдеу үшін медициналық техника сатып алу мәселесі пысықталуда.

Тұтастай алғанда, денсаулық сақтау саласындағы жобалар ауқымды. Медициналық мекемелерде (27 жоба), дәрігерлік амбулаторияларда (35-тей жоба), медициналық жабдық сатып алу бойынша (20-ға тарта жоба) біраз жұмыс атқарылуда.  

МЖӘ механизмінің аса дамудағы бір бағыты – спорт саласы. Өңірлерде спорт нысандары ашалып, 48 шарт жасалды (Қызылорда облысындағы 9, Түркістан облысындағы 8, Қостанайдағы 6 жобаны жеке әріптестер өз есебінен тұрғызған).  

ТКШ саласында қалаларды көгалдандыру жобалары көбейген, Алматы қаласы тренд көрсетуде («Алматы қаласының аумағын көгалдандыру» МЖӘ жобасы) және мұндай жоба Атырауда да іске қосылуда.

«1 шілдеде 1,29 трлн. теңге сомасындағы 565 шарт жасалды. 1,89 трлн. теңге сомасындағы 620 жоба дайын болып қалды. Көп жоба білім беру (276 шарт), денсаулық сақтау (114 шарт), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (65 шарт), мәдениет пен спорт (49 шарт) саласында жасалған, - деді вице-министр.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеше әріптестік инвестиция арқылы инвестиция молаюы тиіс. М.Такиевтің айтуынша, қолданыстағы лимитті инвестицияны көптеп тарту үшін пайдаланған жөн. Егер бюджет қаражатын көп талап етпейтін жобаларға басымдық берсек, оған қол жеткізуге болады.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика вице-министрі «Бірыңғай терезе» кеңсесі жұмыс істеп тұрған уақыт ішінде Оңтүстік Корея, Түркия, Германия, Жапония инвесторларымен кездесуде МЖӘ жобалары талқыланғанын атап өтті. 

«Бүгінгі күні 300-ден асатын инвесторлар базасы құрылып, МЖӘ орталығындағы «Бірыңғай терезеге» жүгінген компаниялардың көбі жаңа МЖӘ жобаларын іздестіруде», - деді экономикалық ведомство басшысының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласындағы баспасөз конференциясы барысындағы баяндамасын аяқтай келіп.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?