• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.10.2017 г.
ТОО «Корпорация «Казахмыс» привлечено к ответственности за координацию картеля

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС картельді үйлестіргені үшін жауапкершілікке тартылды

ҚР ҰЭМ, 2017 жылғы 18 қазан. Ағымдағы жылғы қыркүйекте монополияға қарсы орган «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына тергеп-тексеруді аяқтады, іс Қарағанды және Өскемен қалаларының мамандандырылған әкімшілік соттарына берілді.

Тергеп-тексеру барысында «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мен «Қазмырыш» ЖШС арасында картель жасасу фактісі анықталды, бұл «Қазатомөнеркәсіп» АҚ еншілес кәсіпорнының күкірт қышқылын сатып алуға жұмсаған қаражатының ұлғаюына әкеп соқты.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес картельдік келісімді жасау монополиялық кіріс тәркiлене отырып, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне монополистiк қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде алынған кірістің - 5 %-ы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады («Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС үшін - 1,4 млрд. теңгеден астам).

Сонымен қатар, осы істі қарау қорытындысы бойынша 2017 жылғы 16 қазанда Қарағанды қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ны картель жасасуға әкеп соққан, нарық субъектілерінің қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады, ол ӘҚБтК-ге сәйкес 1000 АЕК мөлшерінде айыппұлды көздейді (бұл 2,2 млн. теңгені құрайды).


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?