• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

21.06.2019 г.
Делегация Казахстана приняла участие в очередном заседании Экономического совета СНГ

Қазақстан делегациясы ТМД Экономикалық кеңесінің кезекті отырысына қатысты

Тәуелсіз елдер достастығы Экономикалық кеңесінің кезекті 82-отырысы а.ж. 21 маусымда беларусь астанасында өткізіліп, оның күн тәртібі экономика саласындағы алдағы өзара іс-қимыл мен көпжақты ынтымақтастықтың нақты мәселелерінің ауқымды кешенін қамтыды.

Отырыс жұмысы кезінде Қазақстан делегациясын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов, Ұлттық экономика министрлігін вице-министр Жаслан Мәдиев басқарды.  

Түркімендік тарап отырысқа төрағалық етті.

Кеңес мүшелері, яғни Достастық елдерінің вице-премьер-министрлері шағын форматта экономикалық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасып, Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы туралы келісім жобасын дайындаудың барысын талқылады.

Кеңейтілген құрамда 2018 жылғы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер экономикасы дамуының негізгі мақсаттық макроэкономикалық көрсеткіштері мен Достастық елдерінде Халықаралық салғастырулар бағдарламасы жұмыстарын валюталарды сатып алу қабілеттілігі тепе-теңдігі негізінде жүргізудің түрлі аспектілері қаралды.

Сондай-ақ кеңес кезінде ТМД қатысушы мемлекеттерінің 2025 жылғы кезеңге дейінгі құс тұмауының және ньюкаслдық аурудың алдын алу және онымен күрес жөніндегі бірлескен іс-қимылы кешенінің жобасы талқыланды.

Қатысушылар Достастық елдерінің инновация, мемлекетаралық стандарттау, денсаулық сақтау, монополияға қарсы қызмет, энергетикалық машина құрылысы мен химия өнеркәсібін дамыту, кадрлардың түрлі бағыттағы біліктілігін арттыру саласындағы өзара іс-қимылын реттейтін бірқатар құжаттарға назар аударды. Бұл құжаттардың бір бөлігі ТМД Үкіметтері басшылары кеңесінің қарауына енгізілді.

Сонымен бірге, отырысқа қатысушылар бірқатар қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

ТМД Экономикалық кеңесінің жанында тұрақты негізде Экономикалық мәселелер жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің уәкілетті өкілдерінен тұрады. ТМД атқарушы комитеті мен салалық органдар әзірлеген әлеуметтік-экономикалық сипаттағы құжаттардың жобасын жан-жақты зерттеп, қарауды, сондай-ақ мемлекеттердің ұстанымын келісуді жүзеге асырады.

ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы тоқсан сайын 1 рет, ал Комиссия отырысы айында 1 реттен кем емес мерзімде өткізіледі.

Анықтама: ТМД Экономикалық кеңесі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің үкімет басшыларының орынбасарларынан тұрады. Оның отырыстарына Атқарушы комитеттің төрағасы – ТМД Атқарушы хатшысы кеңесші дауыс құқығымен қатысады. Экономикалық кеңес –ТМД шеңберінде қабылданған экономика саласындағы келісімдерді орындайтын ТМД негізгі атқарушы органы.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?