• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

01.11.2017 г.
Казахстан в рейтинге Всемирного Банка «Doing Business 2018» занял 36-ю позицию

Қазақстан «Doing Business 2018» рейтингінде 36-орынды иеленді

Қазақстан 2017 жылғы 1 қарашада (Астана уақыты бойынша) жарияланған «Doing Business 2018» Дүниежүзілік Банк рейтингінде Италия (46 орын), Бельгия (52 орын), Израиль (54 орын), Грекия (67 орын), Түркия (60 орын) секілді ЭЫДҰ-ның елдерін басып озып, 36-орынды иеленді. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан рейтингте Беларусь (38 орын), Армения (47 орын), Қырғызстан (77 орын) елдерінен басым түсті. Ресей «Doing Business 2018» рейтингінде 35 орын алды.

Бұл туралы бүгін ОКҚ-дағы брифингте Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева хабарлады.  

ҰЭМ өкілінің айтуына қарағанда, Қазақстан рейтингтегі 190 елдің арасында «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша 1 орынды иеленді. Республика екінші жыл «Келісімшарттарды орындау» индикаторы бойынша (6 орын) алғашқы ондыққа еніп отыр. «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша еліміз 17 орын алды.

Қазақстан «Төлем қабілетсіздігін шешу» индикаторы бойынша 39 орын, «Кәсіпорындарды тіркеу» бойынша – 41, «Салық салу» бойынша - 50,  «Құрылысқа рұқсат алу» бойынша - 52, «Электр желілеріне қосылу» бойынша - 70, «Несие алу» бойынша - 77 және «Халықаралық сауда» бойынша 123 орын алды.

Бизнес жүргізу үшін ең қолайлы ел рейтингте сәйкес алдыңғы 5 орынды иеленген Жаңа Зеландия, Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея және Гонконг болып табылады.

«Doing Business 2018» баяндамасы кәсіпкерлік қызметті күшейтуге ықпал ететін нормаларға, сондай-ақ оны шектейтін нормаларға бағалау жүргізетін Дүниежүзілік Банк тобының жыл сайынғы жетекші басылымының топтамасындағы 15-шығарылым болып табылады. Бұл зерттеуде 190 ел үшін 10 индикатор бойынша мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік беретін бизнес-ахуалдың қолайлылығы деңгейінің сандық көрсеткіштері пайдаланылып отыр.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?