• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

24.10.2019 г.

ҚАЗАҚСТАН DOING BUSINESS РЕЙТИНГІ БОЙЫНША 25 ОЗЫҚ ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Қазақстан Дүниежүзілік банк тобының Doing Business 2020 рейтингінде үш позицияға көтеріліп, тұңғыш рет 25 озық елдің қатарына енді.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш позицияға және соңғы екі жыл ішінде 11 позицияға (2017 – 36 орын, 2018 – 28 орын) көтеріліп, 25 орынды иеленген.

«Бизнес жүргізу» баяндамасы осымен 17 рет жасалып, 190 елді қамтыды. Ол бизнестің дамуына ықпал ететін немесе кедергі келтіретін реттеу нормаларын, оның ішінде кәсіпорын құру, бизнес жүргізу, сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру, салық төлеу, сондай-ақ инвесторлардың құқығын қорғау деңгейін қоса алғандағы қызмет әрекетінің барлық кезеңдерін зерттейді.

Қазақстан барлығы 10 негізгі индикатор бойынша бағаланды. Еліміз 10 негізгі индикатордың 3-еуі бойынша позициясын жақсартып, 1 индикатор бойынша позициясын сақтады.

Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, Қазақстан «Кредит алу» (+35 позиция), «Кәсіпорындарды тіркеу» (+14 позиция), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (+9 позиция) индикторлары бойынша едәуір өсуді көрсетіп, «Келісім шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша позициясын сақтады (4 орын).

Қазақстан рейтингте Австрияны (27 орын), Испанияны (30 орын), Францияны (32 орын), Португалияны (39 орын), Нидерландыны (42 орын), Италияны (58 орын) және басқа да елдерді басып озған.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің арасында (ТМД) ҚАЗАҚСТАН КӨШБАСШЫЛЫҚ ПОЗИЦИЯНЫ ИЕЛЕНДІ. Одан кейін Ресей (28 орын), Әзірбайжан (34 орын), Армения (47 орын), Молдавия (48 орын), Беларусь (49 орын), Өзбекстан (69 орын), Қырғызстан (80 орын), Тәжікстан (106 орын) тұр.

Doing Business рейтингінің басында Жаңа Зеландия орналасқан.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?