• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

19.09.2019 г.
Казахстан и Афганистан наращивают взаимное сотрудничество

Қазақстан мен Ауғанстан өзара ынтымақтастықты кеңейтеді

2019 жылғы 19  қыркүйекте Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың қатысуымен Қаржы министрі Мохамммад Хумаюн Каюми бастаған Ауғанстан ИсламРеспубликасының делегациясымен кездесті.

Тараптар өзара тауар айналымын кеңейту, оның ішінде қазақстандық ауыл шаруашылығы және мұнай газ өнімін Ауғанстанға жеткізуге дайын екендіктерін жариялады.

Ауғандық тарап Орталық Азия елдерінен инвестиция тартуға мүдделі екенін жеткізді. Осыған сәйкес, инвестициялық ынтымақтастықты жақсарту жолы ретінде қазақстандық тарап Ауғанстанның TIFA (Сауда және инвестиция бойынша негіздемелік келісім) және SPECA-ға (Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ арнайы бағдарламасы) белсенді қатысуы қажеттігін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар қазақстандық-ауғандық үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтіп, халықаралық ұйым шеңберіндегі ынтымақтастық жәйін талқылады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?