• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.07.2019 г.

Қазақстан мен Германия экономикалық әріптестікті нығайтуды көздейді

4 шілдеде Берлин қаласында Германия Республикасы Федералдық Экономика және Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі арасында (бұдан әрі -Тараптар) экономика саласындағы басшы қызметкерлердің біліктілігін көтеру бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыру туралы ниеттестік жөнінде Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Бірлескен мәлімдемеге Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің атынан вице-министр Ермек Алпысов, Германия Республикасы Федералдық Экономика және Энергетика министрлігінің атынан министрдің орынбасары Ульрих Нусбаум қол қойды.  

Басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру жөніндегі германдық-қазақстандық ынтымақтастық 2022 жылға дейінгі кезеңді қамтиды.

Жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру құралы мен шетелдік әріптестермен  іскерлік байланыс орнату жөніндегі басқару комитетінің отырысы барысында тараптар екіжақты экономикалық қатынастарды дамыту мен нығайту жөніндегі ведомствоның тиімді қызметін атап өтті.

Тараптар экономика саласындағы басшы кадрлар мен басқару резервін дайындаудың және біліктілігін арттырудың екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті.

Германдық тарап қабылданған құжатқа сәйкес, Германия Федеративтік Республикасы аумағында Бағдарламаны жүргізуге байланысты туындайтын барлық шығыстарды өз мойнына алуға әзір.  

Бұл ретте, қазақстандық тарап тиісті кәсіби біліктілік деңгейіндегі жеткілікті үміткерлерді тартуға, сондай-ақ германдық үйлестірушілермен бірге қатысушыларды іріктеуді әділ жүргізуге әзірлігін мәлімдеп отыр. Бағдарламаның қатысушыларын іріктеу процесі кезінде барлық үміткерлерге бірдей мүмкіндік беріліп, ел өңірлерін Бағдарламаға тарту қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, қазақстандық тарап қатысушыларды Германияда тағылымдамадан өткізу үшін курс ұйымдастыруға ниетті.

Бағдарламаның нәтижелері Германдық-қазақстандық басқару комитетінің тұрақты түрде өткізілетін отырыстарының шеңберінде қаралады.

Бағдарламаны үйлестіру германдық тараптан ГмбХ (GiZ) Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі германдық қоғам арқылы, ал қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе басқа қазақстандық ұйым арқылы жүзеге асырылады.

 

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?