• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

11.12.2017 г.
Казахстан и Сербия провели переговоры по заключению Соглашения о свободной торговле

Қазақстан мен Сербия Еркін сауда туралы келісімді бекіту туралы келіссөздер өткізді

2017 жылғы 5-6 желтоқсанда Белград қаласында (Сербия) бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ және оған мүше мемлекеттердің және екінші тараптан Сербия Республикасының арасындағы Еркін сауда туралы келісімді бекіту бойынша келіссөздердің бірінші раунды өткізілді.

Ұлттық экономика, Сыртқы істер және Әделет министрлігі өкілдерінен тұратын қазақстандық тарап осы іс-шараға қатысты.   

Келісімді бекіту бұдан бұрын жасалған ЕуразЭО елдері мен Сербияның екіжақты келісімді жою арқылы Сербиямен сауда режимін бірыңғайлауға және барлық ЕуразЭО-ға мүше мемлекеттер қатысушысы болып табылатын Еркін сауда туралы жаңа келісімді бекітуге арналған. Бұл өзара сауданы молайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етеді.

Келіссөздер барысында тараптар болашақтағы Еркін сауда туралы келісім жобасының негізгі ережелерін, оның ішінде тауарлар нарығына қол жеткізу, өзара сауданы реттеудің техникалық, санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық шараларын, бейтарифтік реттеу шаралары мен қорғау шараларын қолдану, зияткерлік меншік және т.б. мәселелерді талқылады.

Келіссөздердің қорытындысында тараптар Келісім жобасын талқылаудың және сербтік тараптың ұсыныстарын зерттеудің қорытындысы бойынша келіссөздердің келесі раундын өткізуді жалғастыруға келісті.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?