• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

24.10.2017 г.
Казахстан может стать хабом по передаче лучших практик ОЭСР в  Центрально-азиатском регионе - Сулейменов

Қазақстан Орталық-азиялық аймақтағы ЭЫДҰ-ның озық тәжірибелерін жылжытатын хабқа айналуы мүмкін - Сүлейменов

Алматы, 24 қазан – ҚР ҰЭМ. Төртінші жыл сайынғы ЭЫДҰ Еуразия апталығының ашылу салтанаты сейсенбіде Алматы қаласында өткізілді. ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхель Гурриа мен Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ал ЭЫДҰ-ның Қазақстан бойынша Елдік бағдарламасының қорытындылары туралы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов баяндады.

Министр 2015 жылы ЭЫДҰ-ның Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығының Елдік бағдарламасына қол қойғандығын еске салды. Бұл ұйымның құрамына енбейтін елдерге оның тәжірибелері мен стандарттарынан үлгі алуға мүмкіндік беретін бірегей құрал болып табылады.

«Бірінші басымдық – бұл экономикалық дамуды ынталандыру және қазақстандық экономиканың тұрақтылығын арттыру. Бұл үшін ЭЫДҰ даму орталығы арқылы Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтарын және макроэкономикалық деңгейінің әлсіз жақтарын анықтауға мүмкіндік беретін кешенді елдік шолу өткізілді», - деді Сүлейменов.

Ол әзірленген ұсыныстардың Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа моделін әзірлеуде пайдаланылғандығын және Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасында ескерілгендігін атап өтті.

«Мемлекеттің экономикадағы үлесін ІЖӨ-дегі 15%-дық үлестегі ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне дейін азайту бойынша алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырған Жекешелендірудің кешенді жоспары жүзеге асырылуда. Бүгінде Үкімет жекешелендіру үдерісінің аясында 903 кәсіпорынды сату бойынша шешім қабылдады. YellowPages қағидатының заңнамалық бекітілуі мемлекеттің экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді», - деді Сүлейменов.

Оның айтуынша, Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесін нығайту мақсатымен статистиканың отандық стандарттарын ЭЫДҰ стандарттарымен сәйкестендіру бойынша экономиканың басым салаларындағы жұмыстар жалғастырылуда.

«Қазақстан озық тәжірибелерді енгізуді жеделдетуге берік ниетте. Бұл үшін биыл Үкімет ЭЫДҰ ұсыныстарын жүзеге асыру бойынша Ұлттық Жол картасын бекітті. Біздің бағалауымызша, Жол картасы Шолу бойынша 535 ұсынысты қарастыруда, оның 254-і іске қосуды талап етеді және 281-і орындалуда», - деді министр.

Ол Қазақстанның барлық Орталық-азия аймағындағы ЭЫДҰ озық тәжірибелері мен стандарттарын жылжыту хабына айналу мүмкіндігі жөнінде сенім білдірді.

2017 жылы ЭЫДҰ Еуразия апталығы Қазақстанда, Алматы қаласында өтуде. Аталған іс-шара аймақта алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл ЭЫДҰ мен 2013 жылдан 2016 жылға дейін Орталық Азия елдері бойынша ЭЫДҰ Бастамаларының тең төрағасы рөлін атқарған, ал қазіргі уақытта көптеген жобааларды жүзеге асыруды, ЭЫДҰ нормативтік құжаттарына қосылуды және ЭЫДҰ түрлі органдарының жұмысына белсенді қатысуды қарастыратын Елдік бағдарламаға кіретін Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастардың нығаюына дәлел. Іс-шарада ЭЫДҰ 24 мүше елдері мен Еуразияның он екі мемлекеті Еуропалық одақпен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, басқа да халықаралық ұйымдар және жеке сектормен бірге таныстырылды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?