• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

01.08.2018 г.
На площадке общественного фонда «Камеда» Министерством национальной экономики Республики Казахстан с участием представителей неправительственных организаций города Астаны проведен круглый стол по обсуждению разработанного проекта Закона

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Камеда» қоғамдық қоры алаңында Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) ағымдағы жылғы 1 тамызда «Камеда» қоғамдық қоры алаңында Астана қаласының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен бірлесе отырып, әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Заң жобасын талқылауға ҰЭМ, «Право» қоғамдық қоры, «Социум-зерттеу» қоғамдық бірлестігі, «Қорғау Астана» жекеше фонды өкілдері қатысты.

Спикер ретінде мыналар баяндама жасады:

  • Еспенова Махаббат Махсуткановна, «Камеда» қоғамдық қорының басшысы;
  • Ертаев Асқарбек Маратұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту депратаменті директорының орынбасары.

Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері заң жобасында көзделген басты ұстанымдарды түсіндіріп өтті, сондай-ақ дөңгелек үстел қатысушыларын мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қайта бөлінетін функциялар тізімімен таныстырды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша бірқатар сұрақтар қойды. Бұдан басқа, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында қайта бөлінетін функциялардың іске асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізуді заңнамамен бекіту ұсынылды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?