• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

15.05.2019 г.
Глава Миннацэкономики Казахстана встретился с представителями ОЭСР

Қазақстан Ұлттық экономика министрлігі басшысы ЭЫДҰ өкілдерімен кездесті

А.ж. 15 мамырда ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Нұр-Сұлтан қаласында ЭЫДҰ Жаһандық байланыстар хатшылығының директоры А.Шаальмен кездесті.  

Кездесу барысында тараптар ЭЫДҰ ұсынымдары негізіндегі құрылымдық реформалар жасау, бірлескен зерттеулер жүргізу бағытындағы ынтымақтастықты нығайту тәрізді бірқатар мәселелерді талқылады.

Руслан Дәленов кездесуге қатысушыларға арнап сөз сөйлей келе, ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың Қазақстан үшін басты бағыт екенін және біздің 2050 стратегиялық – әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына ену мақсатына сәйкес келетінін атап өтті.

«Біздің Орталық Азиядағы дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін таратуда ЭЫДҰ-мен әріптес мемлекет екеніміз қуантады», - деді министр.

Қатысушылар туризм, мемлекеттік басқару, экономикалық өсу және дағдыларды дамыту, сондай-ақ ЭЫДҰ-ның негізгі Комитеттері мен жұмыс органдарының шеңберінде ынтымақтастықты тереңдету бойынша ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты кеңейтудің басты себебіне айрықша назар аударды.

Кездесу соңында тараптар барлығына Астана экономикалық форумы шеңберіндегі нәтижелі кездесулер мен сындарлы диалог тіледі.

Анықтама: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы – өкілдікті демократия мен еркін нарықтық экономика қағидаларын мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы.

Еуропаның экономикалық қайта құру жобаларын үйлестіру мақсатында құрылған. ЭЫДҰ басқарушы органы – ұйымға мүше-мемлекеттердің өкілдер кеңесі. Ондағы барлық шешім бәтуаластық негізінде қабылданады.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?