• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

17.06.2019 г.
Легко ли в Казахстане вести бизнес? Отвечает Всемирный банк

Қазақстанда бизнес жүргізу жеңіл ме? Дүниежүзілік банк жауап береді

А.ж. 17 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Дүниежүзілік банк сарапшыларының, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қазақстандық сарапшылардың, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен кәсіпкерлікті дамытуға арналған шарттарды жақсарту бойынша елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың таныстырылымы өткізілді.

Дүниежүзілік банк ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірге ұйымдастырған шара «Doing Business» субұлттық рейтингі» зерттеуі нәтижелері есебінің тұсаукесеріне негізделген.

«Қазіргі кезеңде бизнес жүргізудің жайлылығы мәселесі Қазақстан үшін аса маңызды. Үкімет бизнес жүргізудің шартын жақсарту мәселесіне баса назар аударады. Күн тәртібінде бизнес ашу мен жүргізудің мүмкіндіктерін арттыру мәселесі әрдайым тұрады», - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Арман Жұмабеков.

Doing Business – әлемдік инвестициялық климаттың ахуалы туралы Дүниежүзілік банк құратын едәуір беделді индикатор. Ол бизнес жүргізудің шарты қолайлы болуының негізгі көрсеткіштерін есепке алады.

Жалпы «DB» кәсіпорын ашудан бастап, оны таратуға дейінгі кәсіпкерліктің барлық жұмыс кезеңін талдауға мүмкіндік береді.

«Субұлттық рейтинг» зерттеуінің нәтижелері туралы есеп кәсіпорын ашу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу және меншікті тіркеу тәрізді төрт көрсеткіштің салыстырмалы талдауынан тұрады. Көрсеткіштердің анықталуы олар қолданылатын қызмет саласындағы түрлі тәжірибелерге негізделді.  

Арман Жұмабеков хабарлағандай, зерттеу Қазақстанның 14 өңіріндегі облыс орталықтарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, олардың урбандалу деңгейін, халық санын, экономикалық белсенділікті, саяси және географиялық әралуандығын ескере отырып, жүргізілді.

«Біздің мақсатымыз рейтингтегі орын емес, қатаң еларалық инвестициялық бәсекелестікті ескеріп, жоспарлы түрде реформа жасау. Бәсекелестік біршама уақыттан бері тек елдер арасында ғана емес, тіпті қалалардың арасында да жүруде. Сондықтан бизнес жүргізудің жеңілдігі мәселесі өңірлер үшін маңызды», - деді Арман Жұмабеков.   

Шара шеңберінде Дүниежүзілік банк сарапшылары зерттеу нәтижесі туралы баяндады. Оның барысында Қазақстанның түрлі өңірлері мен қалаларында әлемнің 189 елімен салыстырыла отырып, рейтинг жасалды.

Қазақстан соңғы жылдарда айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өту қажет. Бұған Дүниежүзілік банктің «Doing Business - 2019» есебі дәлел бола алады. Қазақстан бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 190 елдің ішінен 28-орынға ие болып, үздік 30-дыққа еніп отыр. Соңғы төрт жылдан бері «DB» үздік реформаторларының 10-дығының қатарында.     

Шараға қатысушылар атап өткендей, халықаралық жетекші ұйымдардың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасының еліміздегі бизнес-климатты жақсартатын, ішкі де, сыртқы да инвестиция тартуға ықпал ететін реформалар жолымен ілгері басуы айқын әрі тұрақты.

Субұлттық рейтингтің нәтижесі бойынша үздік тәжірибе Қазақстанның қалған өңірлерінде пайдаланылады.

Анықтама: Дүниежүзілік банктің жиынтық рейтингі әрбір елдің бизнесті бастау мен жүргізудегі жеңілдікті паш ететін бірқатар параметрлік көрсеткіштерінен тұрады. Рейтингтегі 190 мемлекет бизнесті бастау, құрылысқа рұқсат алу, электр желісіне қосылу, кредитке қол жеткізу, мүлікті тіркеу және басқа да ондаған субиндекс бойынша орналасты. Рейтинг елдерге анықталған кемшіліктерге назар аударуға, ал инвесторларға қай елге қаржы салудың тиімділігін анықтауға көмектеседі.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?