• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

26.12.2019 г.
В Казахстане введен новый мораторий на проверки малого предпринимательства – Миннацэкономики

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті тексеруге жаңа мораторий енгізілді – Ұлттық экономика министрлігі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үшжылдық мораторий енгізілгені туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуді тоқтатады.

Жарлық халықтың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке ықтимал түрде жаппай қатер, конституциялық құрылысқа және ұлттық қауіпсіздікке тура немесе тікелей қатер төндіретін бұзушылықтарды болдырмауға немесе жоюға бағытталған тексерулерге жүрмейді.

Бұдан басқа, өз қызметіне қатысты кәсіпкерлердің өтініштері, сондай-ақ  Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тексерулер жүргізілуі мүмкін.

Мораторий прокурорлық, кедендік, қарсы салықтық тексерулерге, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларды тексерулерге, өнімге санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау мақсатындағы профилактикалық қадағалауға қолданылмайды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?