• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.06.2019 г.
Казахстанская делегация приняла участие в XXIII Петербургском международном экономическом форуме

Қазақстандық делегация XXIII Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

2019 жылғы 6-8 маусымда Санкт-Петербург қаласында «Тұрақты дамудың күн тәртібін құру» тақырыбымен XXIII Петербург халықаралық экономикалық форумы өткізілді.

ПХЭФ-да қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә. Смайылов бастап барса, Ұлттық экономика министрлігінің атынан вице-министр Жаслан Мәдиев қатысты.

Форум өзекті экономикалық мәселелерді талқылаудағы әлемдік басты алаңның біріне айналды.

Шараның негізгі мақсаты – Ресей мен өзге елдерді географиялық жағынан да, ақпараттық жағынан да бөліп тұратын кедергілерді еңсеруге мүмкіндік беретін бизнестің іс жүзінде қолданатын құралы болуға ұмтылу.

ПХЭФ-ның күн тәртібінде көптеген мәселе қамтылды. Оның ішінде, теңгерімді іздеудегі әлемдік экономика мен ұлттық даму мақсатын іске асыратын ресейлік экономика, болашақты жақындататын технология трегі бар. Бұл ретте, цифрландыруды дамыту мәселесіне ПХЭФ сессиясының көбі арналып отыр. ПХЭФ-ға Ресей мен шетелден келген 10 мыңнан аса мемлекет және үкімет, ірі компаниялар басшылары, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам өкілдерінен тұратын жетекші әлемдік сарапшылар қатысты.

Форумда қазақстандық делегация бірнеше кездесу өткізіп, «Еуразиялық экономикалық одақ. Болашақтың стратегиясы» сессиясында сөз сөйледі.

Сессияға қатысушылар ағымдағы жоғары технологиялық және инновациялық еуразиялық кеңістік құрудағы сыртқы шарттардың ерекшелігіне, экономиканы цифрлық өзгертуге, іскерлік белсенділікті ынталандыру мен азаматтардың өміріне оң өзгерістер енгізуге айрықша назар аударды.

Сондай-ақ қазақстандық делегацияға басқа елдердің шара қабылдаудағы тәжірибесі таныстырылды. Бұл ретте ЕАЭО-тың ішкі нарығы инновация және ғылыми-техникалық прогресс аумағы болуы тиіс.

Анықтама: ПХЭФ экономика мен бизнес әлеміндегі айрықша оқиға. Форум 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал 2006 жылдан бастап, Ресей Федерациясы Президентінің патронажымен және қатысуымен өткізіледі. ПХЭФ бұл күнде жоғары мәртебелі ресейлік және шетелдік тұлғалардың да, әлемдік бизнес көшбасшыларының да басты әлемдік алаңына айналды. Форумда талқыланатын экономикалық мәселелер даму үстіндегі нарықтың негізгі тақырыптары.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?