• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

09.07.2019 г.
Первый Добровольный национальный обзор Казахстана  представят в  Нью-Йорке

Қазақстанның бірінші Ерікті ұлттық шолуы Нью-Йоркте таныстырылады

2019 жылғы 16 шілдеде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Тұрақты Даму мақсаттары жөніндегі жоғары деңгейлі Саяси форум шеңберінде Қазақстан бірінші Ерікті ұлттық шолуын ұсынады. Биыл шолуды 48 ел жасайды.

Форумның тақырыбы адамдардың құқығы мен мүмкіндіктерін ұлғайту мен олардың инклюзивтігі мен теңдігін қамтамасыз етуге арналған. «Сапалы білім» 4 ТДМ, «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» 8 ТДМ, «Теңсіздікті азайту» 10 ТДМ, «Климаттың өзгеруімен күрес» 13 ТДМ, «Әділдік әлемі және тиімді институттар» 16 ТДМ, «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» 17 ТДМ секілді алты тақырыптық мақсатқа назар аударылады.

Шолуды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тұлғасындағы Үйлестіру органының хатшылығы мемлекеттік органдармен бірлесіп әзірлеген. Шолуды дайындау процесіне, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық ұйымдар тартылған.

Анықтама: Форум жыл сайын өткізіледі. 2018 жылы Форум шеңберінде мыңнан аса үкімет, жеке сектор және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Олар Бас хатшының жал сайынғы баяндамасы негізіндегі Тұрақты даму мақсаттарын нақты іске асыру мәселелерін талқылады. Өткен жылы шолуды 46 ел таныстырды.

Форум қатысушылары жиын соңында Декларация қабылдады. Құжатты 164 ел мақұлдады. Декларацияда Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру үшін күш салатын елдерге қолдау білдіріледі.

 

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?