• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

24.04.2018 г.
Қазақстанның бизнес климатты жақсарту бойынша реформаларын және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын Дүниежүзілік банктің бас кеңсесінде таныстыру

Қазақстанның бизнес климатты жақсарту бойынша реформаларын және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын Дүниежүзілік банктің бас кеңсесінде таныстыру

Дүниежүзілік Банктің Жыл сайынғы көктемгі кездесулері аясында 2018 жылғы 23-27 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі С. Жұманғариннің басшылығымен қазақстандық жұмыс тобының Вашингтон қаласына "Doing Business" рейтингінің мәселелері бойынша сапары өткізіледі.

Ұлттық экономика, Инвестициялар және даму, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, Ұлттық банктің, «Атамекен» ҰКП және квазимемлекеттік сектордың өкілдері жұмыс тобының қатысушылары болып табылады.

Дүниежүзілік Банктің 2018 жылғы көктемгі кездесулерінің басты тақырыбы Қазақстандағы бизнес климатты жақсарту жөніндегі реформаларды және «Қазақстандағы ШОК-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасын талқылау болып табылады. Негізінен, қазақстандық делегация «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген реформаларды таныстырады.

Заң арқылы құрылыс жобаларын кешенді ведомстводан тыс сараптау құрамындағы жобалардың экологиялық сараптамасына қатысты «бір терезе» қағидасын жетілдіру, экспорт кезінде тауардың шыққан жері туралы сертификатты беру тәртібін оңайлату, жолдың жүру бөлігінде жұмыстарды жүргізу кезіндегі жол полициясы органының хабарлау тәртібін және мерзімін реттеу, факторинг және қаржылық лизинг құралдарын оңалту және банкроттық рәсімдерге енгізу, сондай-ақ оңалту жоспарын мақұлдау кезінде кредиторлардың жеке дауыс беру тәртібін жетілдіру көзделген. Кеңінен таралған несиелік қатерлерді бағалаудың сапасын арттыру мақсатында несие қабілеттілігін бағалауға қатысты қолдану құқығы несиелік бюро туралы қолданыстағы заңнамаға және басқаға несиелік скоринг туралы ереже енгізіледі.

Жұмыс тобының сапары барысында Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің «Халықаралық сауда», «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу», «Салық салу», «Төлем қабілетсіздігін шешу», «Несие алу», «Кәсіпорындар ашу», «Меншікті тіркеу», «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету», «Миноритарлық инвесторларды қорғау» және «Еңбек нарығын реттеу» индикаторлары бойынша командалармен кездесулер өткізіледі.

Жұмыс тобының сапары еліміздің бизнес-климатын жақсартуға, бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға оң ықпал ететін маңызды оқиғалардың бірі болып табылады.

Қазақстанның бизнес климатты жақсарту бойынша реформаларын және Қазақстанның «Doing Business» рейтингіндегі позицияларын Дүниежүзілік банктің бас кеңсесінде таныстыру


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?