• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

31.10.2017 г.
О движении рабочей силы на крупных и средних предприятиях Казахстана

Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарындағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 197,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 207,6 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 83,7%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 1,3%, басқа себептер бойынша – 15,0% құрайды. Үшінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 28,6 мың бос жұмыс орын мәлімдеген.

2017 жылғы 3 тоқсанда Қазақстанның өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы

2017 жылғы 3 тоқсанда Қазақстанның өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,2%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,6%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,1% құрады.

Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.

Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкер-лердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.

Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.

Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?