• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

18.10.2017 г.
Подход Казахстана к оценке эффективности госорганов заинтересовал участников международной конференции в Стамбуле – МНЭ

Қазақстанның мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау әдісі Стамбулдағы халықаралық конференцияға қатысушылардың қызығушылығын туғызды – ҰЭМ

Астана, 17 қазан – ҚР ҰЭМ. Стамбулда «Бағалау саласындағы ұлттық әлеует» V жаһандық конференция аясындағы «Бағалаудың ұлттық жүйесін жасау: Қазақстанның тәжірибесі» тақырыбындағы семинар өткізіліп, онда Қазақстанның мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесі таныстырылды. Диалог алаңына 30-дан астам елдің өкілі қатысты. Семинар қатысушыларын ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Астана хабы басқарушы холдингінің төрағасы Әлихан Байменов, Стамбулдағы БҰҰДБ Аймақтық хабының менеджері Герд Трогманн және Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел құттықтады.  

Семинар аясында Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов қатысушыларды мемлекеттік басқару саласындағы реформалау тәжірибесімен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалаудың ұлттық жүйесі таныстырылды.

«Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың қазақстандық әдісі жаһандық конференцияға қатысушылардың зор қызығушылығын туғызды және олардың тарапынан оң баға алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша үкімет мемлекеттік органдардың тиімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, бұл жолда біз үшін басқа елдердің осы бағыттағы тәжірибесі өте маңызды», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Өз кезегінде, Астана аймақтық хабының қатысушы елдерінің уәкілетті органдарының өкілдері, оның ішінде Эстония мен Грузия өз елдеріндегі мемлекеттік органдардың жұмысын қалай бағалайтындығы туралы ақпаратпен бөлісті.

Семинар бағалаудың ұлттық жүйесін әзірлеудегі тәжірибемен, инновациялармен және перспективалармен алмасу үшін тиімді құралға айналды және қатысушылар арасындағы әріптестікті жолға қоюға ықпал етті.

Астанадағы аймақтық хаб аймақтағы барлық елдер үшін мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және біліммен үздіксіз алмасудың институционалдық алаңы болып табылады. Қазіргі уақытта 38 мемлекет Хабтың қатысушылары болып табылады, оның ішінде Оңтүстік және Солтүстік Америка, Еуропалық Одақ, ТМД, Кавказ және ОШАМҚ елдері бар.

Семинарды Астана аймақтық хабы Қазақстан Республикасының Үкіметі және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?