• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

03.07.2019 г.

Қазақстанның өңірлік саясаты халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді – Ермек Алпысов аумақтық көрсеткіштерді жетілдіру туралы

А.ж. 3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігі өкілдері қатысқан ЭЫДҰ семинарының тақырыбы – «Өңірлік саясатты жақсарту үшін аумақтық индикаторларды жетілдіру».

Бұл шара аталған процесті тәжірибе, білім мен ақпарат алмасу арқылы қолдаудың тағы бір алаңы.

Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов өзінің құттықтау сөзінде, ЭЫДҰ-ның экономикалық өсу мен адамдардың әлеуметтік игілігіне бағдарланған өңірлік саясатты белсенді түрде ілгерілетуде екенін атап өтті.

Қазақстан ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қойған әлемдегі төрт елдің бірі. Елдік бағдарламаның бірінші кезеңінің шеңберінде ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның аумақтық дамуы мен қалалық даму саясаты бойынша шолулар өткізді. Қазақстан Елдік бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру қортындысы бойынша ЭЫДҰ озық тәжірибелері мен стандарттарына негізделген жекелеген құрылымдық және институционалдық реформалар өткізді.

«Жалпы, Қазақстанның өңірлік саясаты өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қолайлы шарты мен факторларын қалыптастыруды, халықтың өмір сүру сапасын тұрып жатқан жеріне қарамастан күшейтуді қамтамасыз етуге арналған», - деді Е.Алпысов

Өткізілген Қазақстанның ЭЫДҰ Аумақтық шолуы мен Қалалық саясатқа шолуы өңірлік және қалалық тенденцияларға жасалған мұқият талдаулар мен аумақтық саясат пен басқаруды жақсарту жөніндегі ұсынымдардан тұрады.

Семинар қатысушыларына арналған өз сөзінде вице-министр Ермек Алпысов «семинар өңірлік саясатты жақсартудың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік туғызып, өз стратегиясымен бөлісу мүмкіндігін ұсынады. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің ұзақмерзімдік мақсаты – елдің игілігі мен Қазақстанның әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуі» екенін атап көрсетті.

«Атап айтқанда, біз үшін ЭЫДҰ стандарттары – барлық өмірлік іс-әрекет саласындағы даму индикаторлары, ал ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық – тұрақтылықтың, транспаренттіліктің жоғары деңгейінің және инвестициялық тартымдылықтың көрсеткіші», - деді Алпысов өңірлік саясатты жетілдіру шаралары қарастырылған семинар кезінде.

Шара шеңберінде ұсыныстар жасау мақсатында Министрлік өкілдері Қазақстанның өңірлік дамудағы жаңа стратегиялары туралы тұсаукесер өткізді.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?