• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.07.2019 г.
КНР предоставил Казахстану особый статус партнёра

ҚХР Қазақстанға айрықша әріптестік мәртебесін берді

Ағымдағы жылы ҚХР Қазақстанға Қытай импорттық көрмесінде айрықша әріптестік мәртебесін беріп отыр. Қазақстан өткен жылы Қытайға ауыл шаруашылығы өнімін апарғаны белгілі. Биыл Қазақстан көрмеге тауарлардың алуан ассортиментімен қатысады. Бұл туралы а.ж. 4 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы кездесуде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиевке ҚХР Сауда министрінің орынбасары Цянь Кэмин жеткізді.   

Келіссөздер кезінде экономиканы цифрландыру мен технологиялық жаңғыртуға, тауарлар мен қызметтерді өзара тиімді жолмен жеткізуді күшейтуге, экспорттық тауарлар номенклатурасын кеңейтуге, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасын «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен тиімді түйіндестіруге баса назар аударылды.

Қытайлық тарап Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Белдеу және жол» бастамасының бірлескен құрылысы бойынша көпжақты қазақстандық-қытайлық әріптестікті орнатудағы тарихи рөлін жоғары деңгейде атап өтті.  

Жаслан Мәдиев кездесуге қатысушыларға сөзін арнай келіп, Қытайдың Қазақстанның ірі сауда-экономикалық әріптесінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Соңғы жылдары екі ел арасындағы сауда көлемі едәуір артты.

Қазақстан мен Қытайдың арасындағы тауар айналымы 2019 жылғы қаңтар-мамырда 5,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда, 29,7%-ке жоғары (4.3 млрд. АҚШ долл.).

Қазақстаннан Қытайға жасалған экспорт 2019 жылғы қаңтар-мамырда 45,5%-ке өсіп, 3,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

Қазақстанға Қытайдан жеткізілген импорт 2019 жылғы қаңтар-мамырда 11,8%-ке өсіп, 2,3 млрд. АҚШ долл. құрады.

«Біздің келіссөздеріміз Қазақстан мен Қытайдың арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенімдімін. Біздің еліміз екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға және арттыруға әрдайым зор мән береді», - деді вице-министр.

«Қазақстандағы барлық өзгерістер мен жаңалықтар республикадағы мемлекетішілік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қазақстандық-қытай қатынастарын нығайтуға, екі елдің өзара іс-қимылының перспективаларын кеңейтуге ықпал етеді», - деді Ж.Мәдиев.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?