• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

26.11.2019 г.
Департамент Комитета по Мангистауской области не допустит повышения тарифа на воду и тепло

Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаменті су мен жылу тарифінің көтерілуіне жол бермейді

Кеше, ағымдағы жылдың 25 қарашасында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді, онда жылу энергиясын өндіру тарифін 63%-ға, 2 419,87 теңгеден 3 940,2 теңгеге дейін, ішетін су тарифін 35%-ға, 179,03 теңгеден 241,7 теңгеге дейін, техникалық су тарифін 174%-ға, 54,94 теңгеден 150,76 теңгеге дейін, ыстық су тарифін 45%-ға, 93,99 теігеден 136,42 теңгеге дейін көтеру қажеттілігі туралы субъект өкілдерінің дәлелдері тыңдалды.

Бірқатар БАҚ-тарда Ақтаудағы су мен жылу тарифтері жоғарылап, көтерілген жағдайда қала тұрғындары рұқсат етілмеген митингіге шығуға дайын екені айтылған.

Бұл ретте, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ы жобаланатын тарифтері бар өтінімді ұсынғанын атап көрсету қажет, яғни ол уәкілетті органға қарау үшін тарифтер жобаларын ғана ұсынған, бұл олардың міндетті түрде көтеру қажеттілігін білдірмейді.

Сәйкесінше Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өз тарапынан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ы ұсынған тарифтер жобаларын табиғи монополиялар саласындағы заңнамаға сәйкес талдайтын болады.

Департамент өз тарапынан Ақтау қаласының тұрғындарын тарифтерінің негізсіз өзгеруіне жол бермейтінін сендіреді, және келесі жылда халық тарифтердің көтерілуін сезбейтінін хабарлайды.  


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?