• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

10.10.2019 г.
Деловая игра по Целям устойчивого развития прошла в Костанае

Қостанайда Орнықты даму мақсаттары бойынша іскерлік ойын өтті

А.ж. 4 қазанда Қостанай қаласында Қазақстандағы Орнықты Даму Мақсаттарын іске асыру барысы туралы халыққа ақпарат беру бойынша жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, жеке сектор, академиялық орта мен жастар үшін іскерлік ойын түрінде семинар өткізілді.   

Семинарды БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, Қазақстандағы Азиялық даму банкі өкілдігі және ҚР Ұлттық экономиа министрлігі ұйымдастырды.

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер және тұрақты даму орталығының директоры Бақытгүл Қамбар іс-шараны аша келіп, барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын біріктірудің, сондай-ақ халықтың барлық тобының, атап айтқанда, әлеуметтік әлсіз топтарды қамтудың маңыздылығын атап көрсетті.

Іскерлік ойын 50-ден аса адамды бір үстел басына жинады. Қатысушылар неғұрлым перспективалық міндеттер мен оларды шешу жолдарын атап өте келіп, өңірдегі өзекті проблемаларды талқылады.  

Сапалы медициналық қызметке қол жеткізудің қажеттілігі, толықтай жұмыс және барлығына арналған лайықты еңбекті қамтамасыз ету, сапалы және сенімді инфрақұрылымды дамыту, қолжетімді және экологиялық орнықты көлік жүйесі, әлеуметтік кедергілерді жою, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды игеру мен тиімді пайдалану, сыбайлас жемқорлық пен пара алушылықтың барлық түрлерінің ауқымын азайту – өңірдегі басты мәселе.

Ойын Қостанайдағы әртүрлі қызмет саласындағы тұрғындардың өзара пікір алмасып, әрқайсысының өз проблемасын айтуына, өзара өңірді орнықты дамытудың одан арғы іс-қимылы туралы келісулеріне мүмкіндік берді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?