• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

13.12.2019 г.
Глава МНЭ РК поздравил коллектив ведомства с Днём Независимости Республики Казахстан

ҚР ҰЭМ басшысы ведомствоның қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Министр Ұлттық экономика министрлігі ұжымын еліміздің басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Өз сөзінде Министр Қазақстанның бар-жоғы ширек ғасыр ішінде жаһандық шаруашылық байланысқа қосылған ұлттық егемен экономика ретінде және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысы ретінде де қалыптасқандығын мақтанышпен айтып өтті.  

«Бүгінде біздің мемлекетіміз экономиканы табысты дамытуды, әлеуметтік саланы нығайтуды, демократиялық жаңғыруды одан әрі жалғастыруда. Тәуелсіздіктің әрбір жылында біз едәуір кемел, сенімді және мықты бола түсудеміз. Біз өз тарихымызды жадымызда ұстаймыз, барлық жетістіктерімізді бағалай білеміз, мемлекетіміздегі оң өзгерістер мен саяси тұрақтылыққа куәміз», - деді Министр өзінің құттықтау сөзінде. 

Салтанатты жиын барысында ерекше көзге түскен министрлік қызметкерлеріне бірқатар мемлекеттік, ведомстволық және басқа да марапаттар тапсырылды.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?