• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

02.09.2019 г.
В МНЭ РК   обсудили реализацию положений Послания Президента страны к народу Казахстана

ҚР ҰЭМ-де Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауының қағидаларын іске асыру талқыланды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ұжымы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Тұңғыш Жолдауының негізгі қағидаларын талқылады.

Негізгі талқылау тақырыбы азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауға, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай туғызуға, аумақтарды дамыту бағдарламасын одан әрі іске асыруға, ауыр қылмыс жасағандарға жазаны күшейтуге, полиция жұмысының тиімділігі мен полиция қызметінің беделін арттыруға, жер реформасы мен басқа да міндеттерге арналды.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президенттің адами капиталдың сапалық тұрғыда өсуіне жағдай туғызуға айрықша назар аударғанын атап көрсетті. Ұлттық экономика министрлігі басшысы педагогтардың еңбекақысын көтеру, шағын және орта бизнесті негізгі қызметінен түсетін салықтан үш жылға босату, «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қаржыландыруды арттыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын негізгі салаларға жоғары серпін береді деп есептейді.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын көтеру талабы да күшейеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, «2020 жылдан бастап, біз мемлекеттік қызметшілердің санын біртіндеп қысқартуға кірісіп, ал босаған қаржыны неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыда ынталандыруға бағыттаймыз». Бұл ретте барлық санаттағы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі күшейтіледі» - деді Дәленов.

Осыған байланысты, ҰЭМ-де трансформациялау және қызметкерлердің корпоративтік рухын көтеру бағдарламасы жүргізілуде. Оның мақсаты – әрбір мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігін және ведомствоның заңнамалық бастамалары мен ауқымды реформаларын іске асыруға үлес қосуын арттыру.

Мемлекет басшысының идеясын іс жүзіне асыра отырып, ҰЭМ-де Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Оның мақсаты өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, басқарылатын урбандалу арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Жаңа мемлекеттік бағдарламада урбандалу мәселесінің сыртында, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру; ірі қалалардың төңірегін дамыту жобасын іске асыру; Өңірлік стандарттар жүйесін енгізу көзделген. Басты мақсаты ауылдық елді мекендерге өмір сүру әрі жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласында дипломы бар мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын көрсету арқылы ынталандыру болып табылатын «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда мемлекеттік органдар тиімді жұмыс істеуде.

Ведомство басшысы Министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша жұмысты жандандырудың маңыздылығын атап өтті. «Біз бұрынғыдан да гөрі жылдам, тиімді бола түсуіміз, министрлікке, елімізге пайда әкелуіміз, Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыруға жұмылуымыз қажет. Ортақ ісіміздің нәтижелі болуы тек департаментке ғана емес, оның әрбір қызметкеріне де тәуелді», - деді ведомство басшысы.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?