• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

27.04.2018 г.
ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

ҚР ҰЭМ-де Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді

Астана, 27 сәуірҚР ҰЭМ. Экономиканы қаржыландыру мәселесі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесінің отырысында талқыланды.  

Отырыс барысында қорландыру базасын қалыптастыру, мемлекеттік қолдау, қаржылық саланы цифрландыру, сот тәжірибесі тетіктері арқылы бизнесті несиелеу үдерістерін жандандыру жөніндегі шаралар талқыланды.

Отырысқа қатысушылар 2017 жылдың қорытындысы мен 2018 жылдың басындағы экономикалық өсім мен несиелеудің оң серпінін атап көрсетті, сондай-ақ экономиканың барлық сегменттеріндегі қол жеткізілген қарқын мен одан арғы өсімді сақтау бойынша бірқатар ұсыныстар айтты. 

Министрліктің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы ағымдағы жылғы 11 маусымға жоспарланды.

Анықтама: ҰЭМ Қоғамдық кеңесінің құрамына Министрлік басшылығынан басқа, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Қарақұсова, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы басқарма кеңесінің төрайымы Ж.Ертілесова, «Қазақстанның экономистер қауымдастығы» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы О.Жандосов, Қазақстан Республикасының құрылыс саласы ұлттық қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті А. Ермұханов, азаматтық сала өкілдері А.Дунаев, А.Елемесов, А.Сәйденов кіреді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?