• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

09.07.2019 г.

ҚР Үкіметі Шымкентті дамыту мен құрылыс салудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын қабылдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Шымкент қаласын 2030 жылға дейінгі дамытудың кешенді жоспарының жобасы қаралды. Шымкент қаласының экономикалық дамуы туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады.                         

Руслан Дәленов мәлімдегендей, жоспар жалпы сомасы 1 284 млрд.теңге 89 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде 299 млрд.теңге республикалық бюджеттен бөлініп отыр. Бұл құжаттың орындалуы қалаға дамудың жаңа серпінін береді.

Кешенді жоспар 2023 жылғы қортынды бойынша мынадай көрсеткіштерді қамтамасыз ететіні атап өтілді:

- орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу 93%-тен 98%-ке артады;

- табиғи газбен қамтамасыз ету 92%-тен 98%-ке артады;

- жолдың қанағаттанарлық деңгейдегі үлесі 59,4%-ке артады;

- жұмыссыздық деңгейі 5,1%-тен 4,9%-ке төмендейді.

Сонымен қатар, Р.Дәленовтің айтуынша, қала экономикасы 3,5 трлн. теңгеге көбеюі тиіс. Іс жүзінде бұл – орташа есеппен жылына 5,5%. 60 мыңға тарта жұмыс орны құрылады.  Қызмет көрсету, өнеркәсіп, құрылыс пен сауда саласының үлесі артады.

«Бұл мөлшерді қамтамасыз ету үшін инвестиция деңгейі 2030 жылғы қортынды бойынша ЖІӨ-нің 30%-іне немесе жылына 1,0 трлн.теңгеге жеткізіледі. Бұл 2018 жылға қарағанда, 1,8 есе көп», - деді министр.

Шымкент қаласы ауқымды экономикалық потенциалға ие. Инфрақұрылым, энергетика, туризм мен қызмет көрсету саласына мол инвестиция әкелінеді.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, мұның барлығынан, өңірлік экономика іс жүзінде жыл сайын 5,5%-ке өседі. Бұл республикалық деңгейден жоғары.

 

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?