• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

28.11.2019 г.
Правовое воспитание – наша цель: «Правовой всеобуч» состоялся в Миннацэкономики

Құқықтық тәрбие – біздің мақсатымыз: «Жаппай құқықтық білім беру» Ұлттық экономика министрлігінде өткізілді

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінде ведомство қызметкерлері үшін Жаппай құқықтық білім беру өткізілді.

Нұр-Сұлтанда өткізілген іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің өкілдері қатысты.

Мына тақырыптар талқылауға негіз болды:

«Азаматтық қоғамның адалдығын қалыптастыру кілті»;

«Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметін және оған түсудің талаптарын түсіндіру»;

«Норма шығармашылық қызметтің проблемалық мәселелері мен оларды шешудің ұсынылып отырған жолдары туралы түсіндіру».

Қатысушылар Мемлекеттік басқару академиясына түсу талаптарына, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тұрғысынан алғандағы тиісті идеологияны ілгерілету жолымен мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара тығыз іс-қимылы жұмысына («отбасынан еңбек карьерасына дейін» принципі бойынша) назар аударды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары – ҚР ҰЭМ Заң департаменті қызметкерлері құқықтық мәдениет мәдени және құқықтық тәрбие мен білім беру жүйесіне әсер ету арқылы қалыптастырылатынын атап өтті. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, ондағы құқықтық сананы көтеру – құқықтық мемлекет құрудың қажетті шарты.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?