• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

28.06.2019 г.
Уважаемые работники средств массовой информации!

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіз Қазақстанда жүргізіліп жатқан түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістердегі ауқымды қызметі мен салмақты рөлі баршаға белгілі.

Бұл күн қажырлы еңбегімен ақпараттық кеңістікті құратын, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, жоғары білім мен адамгершілік құндылықтарға үндейтін түрлі кәсіп иелеріне – газет, телевидение, радио журналистеріне, полиграфиялық өнеркәсіп қызметкерлеріне, басылым таратушыларына ортақ.

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды институтының бірі саналады. Бұл сіздерге аса салмақты және жауапты міндет жүктейді. Сіздер еліміздің барлық жетістіктері мен табыстарына, тәуелсіздігіміздің нығаюына, біздің Отанымызда салтанат құрған бейбітшілік пен келісімге, ақпарат әлемін мазмұнды да маңызды етуге, ең бастысы, Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөнінде қойған міндеттерін іске асыруға лайықты үлес қосудасыздар.

Қадірлі достар!

Баршаңызға жауапты қызметтеріңіз бен кәсіпке деген адалдықтарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!

Сіздерге сәттілік, өршіл рух, шығармашылық табыс тілейміз! Бастарыңыз аман, дендеріңіз сау, өмірлеріңіз игілікті болсын!


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?