• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

02.07.2019 г.

Мемлекеттік инвестициялар өңірлік және қалалық инфрақұрылымды дамытудың маңызды құралы іспеттес

Нұр-Сұлтан қаласында шілденің алғашқы күндері Назарбаев университетінде Қазақстанның орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейіндегі мемлекеттік инвестицияларды нығайту мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшылардың қатысуымен семинар өткізіледі.

ЭЫДҰ шеңберінде елдер түрлі саладағы өз саясаттарын салыстыратын, тәжірибе бөлісетін, жаңа қатерлерді еңсерудің оң тәжірибесін анықтайтын және азаматтардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер мен ұсынымдарды қабылдайтын форум.

Семинардың ашылуында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов мемлекеттік инвестициялардың, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасындағы инвестицияларды бөлу, жергілікті жердегі инвестицияларды басқару, өңірлердің инвестициялық стратегияларын, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін арттыру маңызы мен қаралатын мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Ермек Алпысовтың айтуынша, Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар өңірлік және қалалық инфрақұрылымды дамытудың маңызды құралы.

«Бүгінде біз халықаралық сарапшылардан өңірлік бюджеттік инвестицияларды басқаруды жақсарту мен тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды күтеміз. Бюджеттік инвестициялар сондай-ақ өңірдегі экономикалық белсенділікті қолдауға ықпал етеді», - вице-министр.

Спикер келтірген деректерге қарағанда, жалпы өңірлік бюджеттік инвестициялар өңірлерді дамыту, «Нұрлы жер», білім беруді дамыту секілді мемлекеттік бағдарламалардың мақсаттары мен басым бағыттары үдесінде жоспарланады.

«Мемлекеттік бағдарламалардың басымдығын ескере келіп, әр саладағы өңірлік бюджеттік инвестициялардың нақты бағыты әрбір өңірді дамытудың Бағдарламаларында белгіленеді. Біз мемлекеттік бюджеттік инвестицияларды, оның ішінде, өңірлердегі басқару процесін жетілдірудеміз», - деді Ермек Алпысов.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?