• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

18.10.2019 г.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік форумы аясында бірнеше келісім жасалды

«Бүгінгі таңда Қызылорда облысы бойынша 34 млрд теңгеден астам сомаға 116 мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы жүзеге асырылуда. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, спорт, мәдениет, энергетика, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларындағы жобалар»,– деді Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай.

БАҚ өкілдері құрылыс жұмыстарының кезеңдерін көріп, әрбір нысан бойынша толық ақпарат алды.

Маңызды жобалардың бірі – «Тарлан» спорт кешені. «Тарлан батырлары» ЖШС МЖӘ шарты бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенін пайдалануды қамтамасыздандырады. Мұнда 2 жыл бойы 350 балаға спорттың үш түрі бойынша сабақтар жүргізілуде, олар: бокс, ауыр атлетика және таэквандо.

Облыстағы МЖӘ аясында жүзеге асырылған оңтайлы жобаның бірі – жаңа емхана. Бір ауысымда 400 келушіге арналған емхананың ашылуы 43 мыңға жуық адамды медициналық қызметпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жаңа мекеме заманауи медициналық жабдықтардың арқасында диагностика мен емдеудің жаңа әдістерін енгізді, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсартты. Бұл жоба бір ауысымда 500 келушіге арналған емхана құрылысы бойынша концессиялық жобаның орнына іске асырылды. Осылайша, өңір 3,6 млрд. теңге сомасында бюджет қаражатын үнемдеп, 2 жылға арналған жобаны іске асыруды жылдамдатты.

Сондай-ақ, биыл облыста қоқыс сұрыптау кешенінің қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы және Қызылорда қаласында сыртқы инженерлік желілерді жүргізу басталды. МЖӘ жобасының мақсаты – ҚТҚ кәдеге жарату деңгейін арттыру, сондай-ақ қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету үшін қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату және көму бойынша тиімді, сенімді және әлеуметтік қолайлы қызметтер кешенін құру.

Жалпы, Қызылорда облысында МЖӘ жобаларының 60%-дан астамы инвесторларды тартуда қиындығы бар ауылдық елді мекендерде жүзеге асырылған.

30 қазан мен 1 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстандағы МЖӘ және инвестициялаудың ESG факторлары» Форумы аясында Қызылорда облысы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жобаларына қол қоюды жоспарлап отыр. Мұндағы мақсат – Қызылорда қаласындағы студент жастардың өмір сүру жағдайын жақсарту.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?