• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

04.07.2019 г.

Министрлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Ұлттық экономика министрлігі ведомстводағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңартылған жоспарды бекітті. Жоспар рәсімдердің айқындығы мен ұжымдағы сыбайлас жемқорлыққа нөльдік төзімділік атмосферасын нығайтуға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа нөльдік төзімділік атмосферасы

- Министрдің төрағалығымен министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаб құрылды;

- Министрліктің әрбір бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы консультант (қоғамдық негізде қатардағы қызметкерлердің арасынан) институты енгізіледі. Консультанттың негізгі міндеті – бөлімше жұмысындағы сыбайлас жемқорлық қатерін талдау;

- Азаматтардан министрлікке келетін өтініштер мен шағымдарды сыбайлас жемқорлық қатерін анықтау үшін талдау күшейтілді;

- Колл-орталық функционалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі жөніндегі көпфункциялы жобалау офисі ұйымдастырылады;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарымен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімсіздікті күшейтуге арналған шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Айқындық

Өзге де мәселелер:

- Азаматтық қоғам институттарымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қарым-қатынасы күшейтіледі;

- Кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын қоса алғанда, министрліктің кәсіпкерлерге көрсететін қызметтері цифрландырылады;

- Министрліктің көптеген сараптау және қоғамдық ұйымдарды тарту арқылы заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау қызметі күшейеді;

- Монополияға қарсы және статистикалық ведомстволардың аумақтық бөлімшелері басшыларының әлеуметтік желідегі жеке парақшалары ашылды. Осы саладағы халықтың және кәсіпкерлердің мәселелері барынша жедел шешілуде.

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?