• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

07.06.2019 г.
Антимонопольный комитет обеспечил возврат напрямую потребителям средств на сумму более 1 000 000 000 тенге

Монополияға қарсы комитет 1 000 000 000 теңгеден астам сома қаражатты тұтынушыларға тікелей қайтаруды қамтамасыз етті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті   «ҚазТрансОйл» АҚ-ға қатысты табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтау мәніне тексеру жүргізді. 

Тексеру нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның әрекеттерінде табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу, атап айтқанда «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7-2) және 18) тармақшаларында белгіленген нормаларды бұзу фактілері анықталды.

Аталған бұзушылықтар «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жалпы сомасы 1 041 133 640 теңге 2014, 2016, 2017 жылдар үшін тарифтік сметаны және 2014 жыл үшін инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша міндеттерін орындамауына негізделген.

Осыған байланысты, Комитет 1 041 133 640 теңге сомасына суды магистральдық құбыржолдары бойынша беру жөніндегі қызмет бойынша негізсіз алынған кірісті тұтынушыларға қайтару туралы бұйрық шығарды.

Сонымен бірге, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінен суды магистральдық құбыржолдары арқылы беру жөніндегі қызметі бойынша шығарылғанына байланысты, «ҚазТрансОйл» АҚ негізсіз кірісті тұтынушыларға тікелей қайтарды. 

Сондай-ақ, табиғи монополиялар туралы заңнаманың жоғарыда аталған нормаларын бұзғаны үшін «ҚазТрансОйл» АҚ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабында көзделген жалпы сомасы 293 миллион теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл толықтай төленді.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?