• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.12.2019 г.
Мәслихаттардың 25-жылдығы: Ұлттық экономика министрлігінде депутаттармен кездесу өткізілді

Мәслихаттардың 25-жылдығы: Ұлттық экономика министрлігінде депутаттармен кездесу өткізілді

Ағымдағы жылғы 5 желтоқсанда Ұлттық экономика министрлігінде вице-министр Мәди Такиевтің қатысуымен облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мәслихат депутаттарымен кездесу өткізілді. 

Вице-министр кездесуге қатысушыларға арнап сөз сөйлей келіп, депутаттарды барлық деңгейдегі мәслихаттардың құрылуының 25-жылдығымен құттықтады. Қазіргі уақыта мәслихаттардың республикамызда құрылған азаматтық қоғамның маңызды құрамдасының біріне айналғанын атап өтті.

Ашық сұхбат барысында экономикалық ведомство басшысының орынбасары өңірлерді дамыту туралы баяндады.

«Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98 қадамы шеңберінде 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап, бюджеттің IV деңгейі халық саны 2 мыңнан асатын аудандық маңызы бар 1055 қалада, ауылда, кентте, ауылдық округте, ал 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап, қалған  1338 ауылдық округте енгізіледі.

Ұлттық экономика министрлігі өкілінің айтуынша, бюджеттің IV деңгейінің басты ерекшелігі – бұл тұрғындардың жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуы мен ауылдық округтердің қаржылық дербестігі. Ауылдық округтердің бюджетін аудан мәслихаттары бекітетін болғандықтан, мәслихаттардың рөлі бюджеттің IV деңгейінің енгізілуімен күшейе түсті.

Мұның сыртында, іс-шараға қатысушылар өңірлердегі «Ауыл – Ел бесігі» жобасының іске асырылуын талқылады.

Нұр-Сұлтанда өткізілген отырыста депутаттар Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және жергілікті өкілетті органдардың құзыретін күшейту мәселелерін қарастырды.

Іс-шара қорытындысында тараптар барлығына табысты кездесу мен жемісті жұмыс тіледі.


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?