• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

05.06.2019 г.
ГЧП участвует в озеленении южной столицы

МЖӘ оңтүстік астананы көгалдандыруға қатысады

Алматы көшелерін көгалдандыруға бизнес қатыстырылады. Кәсіпкерлер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде әрекет етеді. Бұл туралы «Хабар 24» тілшісі хабарлады.

Көктем басталғаннан бері оңтүстік астанада 100 мың шаршы метр аумаққа ағаш отырғызылып, гүл егілген. Қала билігі бұдан бұрын Әл-Фараби даңғылындағы жолдың жүру бөлігіндегі металл құрылымды алып тастап, оны шырша түріндегі қоршауға ауыстыруға шешім қабылдаған.

Нұрлан Құттыбаев, қалалық жасыл экономика басқармасының президенті:

- Өткен жылғы күзден бері қалада 14 000 көшет отырғызылды. Оның бір бөлігі Әл-Фараби даңғылындағы шығыс айналма жолда орналасқан. 726-сы қылқанжапырақты ағаш болса, қалғаны жалпақ жапырақты тұқымдастар.

Дереккөз: www.24.kz

 


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?