• Арнайы нұсқа
  • Мобильді нұсқа

You are here

Жаңалықтар

16.01.2020 г.
МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыруда өзгеріс енгізілді

МЖӘ жобаларын жоспарлау және жүзеге асыруда өзгеріс енгізілді

2020 жылдың 10 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 95 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығы күшіне енді. Бұл туралы Қазақстандық МЖӘ орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұйрық Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобалары бойынша құқық қорғау қызметінің тәжірибесін талдау нәтижесінде пысықталған, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын жоспарлау және жүзеге асыру рәсімдерін реттейтін салаға қатысты бірқатар түзетулерді қамтиды.

Ең алдымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларының сапасын арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілген. МЖӘ жобаларының басымдылығы еңгізілді: ең алдымен халықтың негізгі қажеттілігін қамтамасыз ететін жобалар қарастырылып, жүзеге асуына тосқауыл азаяды (PeopleFirst).

Сонымен қатар, әділдік үшін барлық жобалар міндеті түрде ведомствоаралық жобалық топ құру арқылы әзірленеді, келісу барысына бюджетті орындау бойынша жергілікті уәкілетті органдар тартылады. Бұл ретте салалық қорытындыда нақты оң немесе теріс түйін болуы шарт, конкурстық құжаттамаға немесе бизнес жоспарға өзгерістер еңгізілсе, түйін міндетті түрде қайта берулі міндетті.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік нысанын құру құнын анықтау кезінде ҚР құрылыстағы баға белгілеу бойынша нормативтік құжаттарын пайдалану қажет. МЖӘ жобасы бойынша инфляцияға байланысты инвестициялық шығындарын өтеу индексациясынан алынып тасталды.

Халыққа жоғары сапада қызметті қамтамасыз ететін МЖӘ нысанын жаңартқан жеке серіктеске пайдаланбауға мүмкіндік беретін МЖӘ шартына өзгерістер енгізуге тыйым салынды.

Бірқатар түзетулер жобалар бойынша ақпаратты жинау және өңдеу жүйесін жетілдіруге бағытталған: МЖӘ жобаларының бірыңғай базасын қалыптастыру, «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсету, МЖӘ шарттарына қосымша келісімдерді міндетті тіркеу бөлігінде.

Сонымен қатар басқа да түзетулер енгізілген. Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900019770

Дерек көзі: aikyn.kz


Читайте также:

Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?